• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:09:28
Алматы
+35°

Атыраудағы психо-неврологиялық ауытқулары бар балаларға арналған мектеп-интернаттағы балаларға қарсы жазалған озбырлық әрекет бойынша тергеу басталды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Дімкәс (мүгедек – ред) балаларға жасалған озбырлықты Атыраудағы психо-неврология ауытқулар орталығының бұрынғы қызметкері видеоға түсірген. Оның айтуынша, №3 арнаулы әлеуметтік орталықтағы сорақылық мұнымен бітпейді. 

Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде 2-3 күннен бері қызу талқыланғанымен, 8-ші сәуірде түсірілген. Видеоның авторы – Ұлбике Бейсекенова. Өзі орталықта бір жылға жуық істеген екен. Ол "осы аралықта мұндай сорақылықтың талайына куә болдым" деп отыр. Сондай-ақ бұрынғы әріптестерін балаларға бөлінген ақшаны ұрлады деп айыптайды.

Видеодан унитаздың екі бүйіріндегі екі темірге 2 баланы тас қылып байлап қойғанын көруге болады. Алайда бұл әрекетті кім жасағаны әзірге белгісіз. Дәл сол күні кезекшілікте болған екі тәрбиеші коронавирус жұқтырып, қазір ем қабылдап жатыр.

Полиция департаменті ғимараттың ішіндегі бейнекамераның барлығын тексеріп, тергеу амалдарын бастап кеткен. Интернат басшысы мұны видео авторы Ұлбике Бейсекенованың жасаған қастандығы дейді. Айтуынша, ол осы жерде қызметте жүргенде орталыққа тиесілі талай мүлікті жымқырған.

Ол жұмыстан қуылып, амалы таусылған соң бейнежазбадағы әрекеттерді өзі ұйымдастыруы мүмкін деп күдікке ілініп отыр. Оқиға болған күні кезекшілік қызметті атқарған 2 тәрбиеші қазір полицияның қадағалауында. Дертінен айығып шыққан соң тергеуге алынып, дерек бойынша іс қозғалмақ.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Атырау облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір