• USD 472.14

  • EUR 498.39

  • RUB 7.65

  • CNY 67.93

10 Желтоқсан, 01:13:56
Алматы
-11°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биылғы оқу жылында енгізілетін өзгерістерді айтты.

– Келесі оқу жылынан бастап "Алтын белгіге" талаптар күшейтіледі. Біз мұны жыл сайын кезең-кезеңмен өзгертіп жатырмыз. Өткен жылы біраз өзгерістер енгіздік. Биыл екінші кезең. Екінші кезең дегеніміз – жылдық бес бағамен қатар үміткерлердің 11-сыныптағы барлық тоқсандық бағалары да бес болуы керек деген қағида енгізіледі. Бұл – өте маңызды қағида. Түлектер үшін емтиханды тәуелсіз ұйым өткізетін болады. Бұл реформа оң нәтижесін береді деп сенемін, – деді ол.

Аймағамбетов педагогтерге арналған республикалық тамыз конференциясында балалардың қауіпсіздігі маңызды екенін, барлық өңірлерде мектептер бейнебақылау жүйесімен қамтылғанын атап өтті.

– Мектептердің бәрі 100 пайыз бейнебақылау жүйесімен қамтылған. Бірақ олардың 55 пайызы стандарт талаптарына сай келеді. Мектептердің 98,8 пайызы жылы әжетханалармен қамтамасыз етілген. Осы жылдың соңына дейін өзіміз келіскендей барлық өңірлер осы көрсеткішті 100 пайызға дейін жеткізуі тиіс. Бұл бойынша үлкен жұмыс жасалды. Жалпы бір-бір жарым жыл ішінде 2,5 мың жылы дәретхана жасалады, – деді министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір