• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

26 Қазан, 12:13:09
Алматы
+14°

Денсаулық сақтау министрлігі 18 тамыз күнгі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 7337 адамнан коронавирус, 421 адамнан пневмония анықталған. 17 тамызда 121 адам коронавирустан, 18 науқас пневмониядан көз жұмған.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 715 716-ке жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 66 802.

19 тамыздағы мәлімет бойынша, 121 113 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр, олардың ішінде 30 286 пациент стационарда, 90 827 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1896 адамның жағдайы ауыр, 540 пациенттің жағдайы өте ауыр, 265 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Түркістан облысы ғана "жасыл" аймақта.

19 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 229 329 адам, 2-компонентін 4 867 622 адам салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір