• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:41:09
Алматы
+35°

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен «Тұран» шағынауданын дамыту бойынша жиын өтті. Жиында шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысы, абаттандыру, инфрақұрылым тарту мәселелері талқыланды.

Қалада 2021 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 79 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде: арендалық – 18 үй , кредиттік 61 үй қарастырылған. Тұран шағынауданында 2021 жылы 61 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 57 үйдің құрылысы атқарылуда. Шағынауданда биыл 29 кредиттік тұрғын үй пайдалануға беріледі. Атап айтқанда шілде айында 9 қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталса, 1 тамызда 12 қабатты 2 тұрғын үй пайдалануға тапсырылған.
Шағынауданда 12 қабатты 10 үйдің құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекемелер – «Отау-Строй» ЖШС мен «АРТ-құрылыс» ЖШС. Бүгінгі таңда тұрғын үйлердің монолит қабырғалары 100 %, газоблок қалау 100 %, ішкі әрлеу жұмыстары 90%, инженерлік жүйелер 90 % жұмыстары орындалды. №5,7 үйлер 30 шілде күні пайдалануға тапсырылды. № 9 үй 30 тамызда, ал қалған үйлерді 30 қыркүйекте пайдалануға тапсыру жоспарланған.
Сондай-ақ, 12 қабатты 5 үйдің құрылыс жұмыстарын «Авторемстрой ЛТД» ЖШС, 12 қабатты 2 үйдің құрылыс жұмыстарын «СК Реал-Строй» ЖШС, 9 қабатты 3 үйдің құрылыс жұмыстарын «Шебер бюлдинг» ЖШС жүргізуде. 12 арендалық тұрғын үйдің құрылысын «Корпорация Сити-Строй» ЖШС мен «Отау-Строй» ЖШС жүзеге асыруда.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір