• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:36:24
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Шымкентте кешкі-түнгі рейдтік жұмыстар өтуде. Осы бағытта жастар ресуртық орталығы және полиция қызметкерлері бірлесіп қоғамдық орындарды аралап, бақылау жұмыстарын жүргізді.

– Шара барысында адам көп шоғырланған қоғамдық орындарда, ойын сауық орталықтарында түнгі уақытта заңды тұлғаның еріп жүруінсіз көңіл көтеріп жүрген бірқатар жасөспірім анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша басты мақсат жастарды айыппұл арқалату емес, керісінше түсіндірме жұмыстарын жүргізу, – Ерлан тұрсынбекұлы «Жастар ресурстық орталығы» комуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары

Анықталған азаматтардың ата-аналарына жекелей түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тексеру жұмыстарына құзырлы орган өкілдерімен қатар ерікті жастар да атсалысты. Бұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Айта кетейік, жыл басынан бері үшінші мегаполис аумағында 8 рейдік шаралар ұйымдастырылған. Нәтижесінде қоғамдық орындарда тәртіп бұзушылық көрсеткіші төмендеген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір