• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:49:30
Алматы
+35°

Оңтүстік өңірінің тұрғындарын солтүстікке қоныстандыру мәселелері бойынша онлайн дөңгелек үстел өтті. Шымкент қоғамдық кеңестің мүшесі Рустем Ашетаев пен «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада ZOOM арқылы қала тұрғындары Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамту орталығының мамандарымен тілдесе алды. Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мен талаптары қала тұрғындарына кеңінен түсіндірілді.


Аталған бағдарламаның мақсаты - оңтүстіктен қоныс аударушыларды жұмыспен қамту. Өңір өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда солтүстік өңірде білікті дәрігерлер мен мұғалімдер сұранысқа ие.


Биыл оңтүстіктен қоныс аударған әр отбасы мүшесіне берілетін субсидия мөлшері - 70 АЕК. Яғни, 204 мың теңге қаражат көшіп жайғасу үшін көмек ретінде беріледі.


Айта кетсек, 2020-2021 жылы Шымкент қаласы бойынша 67 отбасы қоныс аударуға ниет білдірген. Жалпы өткен жылы оңтүстіктен қоныс аударған отбасылардың басым бөлігі ауылшарушылығы мен мал шаруашылығы кәсібімен айналысып, кәсіптерін дамытып отыр.
Солтүстікке қоныс аудару мәселесі бойынша Бәйдібек би даңғылы, 32 А ғимараты, «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығынан қосымша ақпарат алуға болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір