• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:59:58
Алматы
+35°

Фото: Ақтөбе облыстық  полиция департаменті

Ақтөбе облысында жол апаты болып, бүтіндей бір отбасы мүшелері көз жұмды, деп хабарлады облыстық  полиция департаменті.

Қайғылы оқиға 16 тамыз күні 19:15-те болған. Ақтөбе қаласынан Ырғыз ауылына қарай келе жатқан "Nissan X-Trail" көлігінің 39 жастағы жүргізушісі, алдындағы көлікті басып озбақ болып, қарсы жолға шығып "Volvo" жүк көлігімен соқтығысқан. 

Салдарынан "Nissan" жүргізушісі, оның 40 жастағы жары мен 11 жастағы ұлы сол жерде көз жұмған. Ал 5 жасар ұлы мен 10 жастағы қызы Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жеткізілген. Алайда 5 жасар ұлы ауруханаға барғанда көз жұмған. 

Қазір қылмыстық кодекстің 345-бабы 4 бөлігі (Екі және одан да көп адамның өліміне себеп болған жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша іс қозғалып, тергеу жүруде. 

Ақтөбе облыстық  полиция департаменті 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жол апаты Ақтөбе

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір