• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:01:33
Алматы
+35°

Кәсіпкерлерге Ashyq жобасына тіркелу оңайырақ болады. Halyk Bank қазақстандық банктер арасында бірінші болып Атамекен ҰКП бірлесе заңды тұлғаларға арналған QR-кодты тіркеу функциясын енгізді. Қызмет көрсету саласымен байланысты бизнес объектілері немесе Ashyq жобасымен кіру міндеттелген қызметкерлерінің саны көп компаниялар Onlinebank-тің веб-нұсқасында QR-кодты бірнеше батырманы басу арқылы және онлайн алып, карантин талабын орындай алады.

 

– Halyk Bank – екінші деңгейлі банктер арасында өзінің финтех-процестерін Ashyq тіркеу жүйесімен біріктірген алғашқы банк. Біздің заңды тұлғалар енді үйден шықпай-ақ Onlinebank веб-нұсқасының көмегімен бірнеше батырманы басу арқылы QR-кодты жасай алады. Қазіргі уақыттағы коронавирустық пандемияға байланысты елдегі жағдайдың қиын екенін ескере отырып, экономика саласының көптеген бағытындағы қызмет көрсету жұмысы шектеліп, тек Ashyq арқылы жұмыс істейді. Осыған орай кәсіпкерлерге Ashyq жүйесінде тіркелудің ыңғайлы тәсілін ұсыну осы күрделі кезеңде Банк тарапынан айтарлықтай қолдау болады, – дейді Halyk Bank мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Нариман Мұқышев.

 

Onlinebank-те QR-кодты алу тек бизнес субъектілеріне ғана берілетінін атап өткен жөн. Бұл – субъектінің атауы, оның орналасқан жері және басқа сәйкестендіру деректері көрсетілген электрондық идентификатор. Бір объектіге кіру үшін бір QR код беріледі.

Компанияны Onlinebank арқылы Ashyq-қа тіркеу үшін төмендегідей қадамдарды жасау керек:

- Onlinebank жүйесінің веб-нұсқасына кіру;

- Жеке кабинетке кіріп, Ashyq функциясын таңдау;

- Сәйкестік актісін алуға өтінім жолдау;

- Сәйкестік актісін алуға өтінімді мақұлдағаннан кейін QR-кодты алуға өтінім жолдау;

- Ashyq QR-кодын басып шығару.

Егер Ashyq жүйесінде әдеттегі тіркеу кезінде кәсіпкерлерге ҰКО-тан ЭЦҚ қажет болса, Onlinebank веб-сервисінде QR-кодты алу үшін Halyk Bank заңды қолданушылардың цифрлық қолтаңбасын қажет етеді. Тіркеу кезінде басқа ештеңе талап етілмейді және офлайн қол қоюдың қажеті жоқ.

Нариман Мұқышев Halyk Bank-те осындай қызметтің пайда болуында Банктің ішкі командасы – транзакциялық бизнес департаменті мен Onlinebank департаментінің үлкен еңбегі бар екенін атап өтті.

 

– Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасының ашықтығы мен бизнеске арналған осындай сервистерді іске асыруға дайын болғанына алғыс айтамыз. Halyk Bank-тің осындай сервистермен интеграция жүргізу бойынша барлық талаптарға сәйкес келетін қажетті инфрақұрылымы және дамыған технологиялары бар екенін атап өткім келеді, – деді Halyk Bank цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры.

 

Ashyq – қоғамдық орындарға келушілерді тіркеуге арналған қосымша. Мекемеге кірер алдында пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді және нәтижесін әкімшіге көрсетеді. Қосымшада адамның төрт күйі көрсетілген: бейтарап (күй фоны – көк), қауіпсіз (жасыл), байланыс (сары) және жұқтырған (қызыл).

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір