• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:13:11
Алматы
+35°

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин шараларына байланысты жаңа қаулы жариялады.

Қаулыға сәйкес, шектеу шаралары 17 тамыздан бастап 31 тамызға дейін ұзартылды.

Аталған уақыт аралығында Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпорындардың қызметіне тыйым салынады.

Демалыс және мереке күндері ойын-сауық парктерінің, аттракциондардың, тамақтану орындарының жұмысы тоқтатылады. Кәсіпорындарға Ashyq-қа қатысқанына қарамастан  жұмыс жасауға рұқсат жоқ. 

Соңғы 3 айда тұрақты медициналық көрсетілімдері бар және ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, аудан әкімдері, Алматы қаласының білім басқармасы, ЖОО және орта білім беру орындары, жекеменшік мектеп және балабақша басшылары, студенттер мен ЖОО қызметкерлері, педагогтер мен техникалық персоналдың, жатаханалар мен асхана персоналы 100 пайыз вакцинациялануы қажет. 

Сондай-ақ оқу орындары мен мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын жаңа талаптар белгіленді:

- барлық білім беру мекемелерінде Ashyq жүйесін енгізу;

- бастауыш, орта және жоғары сынып балаларына арналған бөлек кіру есіктерін ұйымдастыру;

- барлық қызметкерлер мен білім алушылардың күнделікті таңертеңгі сүзгісін жасау;

- бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

- кабинеттік оқыту жүйесін жою;

- әр уақытта бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларының ауысуын ұйымдастыру;

- сыныпта, топта коронавирустық инфекциямен ауырған бірінші жағдайда, сондай-ақ отбасы мүшелерінің ауруы кезінде оқушыларды оқытудың онлайн-форматына ауыстыру;

Қаулы 2021 жылғы 17 тамыздан бастап күшіне енеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір