• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:54:14
Алматы
+35°

Белгілі спорт комментаторы, "Хабар" агентігінің тілшісі Амангелді Сейітхан коронавирустан қайтыс болды. Қаралы хабарды әріптесі Жандос Айтбай растады.

– Ол кісі ауруханада көп жатқан жоқ. Кеше жансақтау бөліміне түсті. Бүгін айырылып қалдық. Соңғы күнге дейін жасырып, жаны қиналып жатса да ешкімге білдірмеді, – деді Жандос Айтбай.

"Хабар" агенттігінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі Ардақ Айбарұлы Facebook-тегі парақшасында журналистің коронавируспен ауырғанын жазды.

– Бұл ажал дегенге шара бар ма? Белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан ағамыздан айырылып қалдық. Мына аты жаман індет ешкімді аямады-ау. Не дерімді білмей отырмын. Дүние – жалған деген осы. Отбасы, туған-туыс, дос-бауырларына қайғыра көңіл айтамын. Иманды болыңыз, жездеке, – деп жазды ол. 

Амангелді Муатқанұлы 1969 жылы 11 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген.

1991-1994 жылдары «Спорт» газетінде істеп, 1994 жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясында «Тұғыр» атты бағдарлама ашып, жүргізушісі болған. Ол телеарнадағы спорт бөлімінде бас редактордың орынбасары қызметін де қатар атқарған. Кейін «Құмсағат» бағдарламасының спорттық ақпараттар бойынша продюсері атанған. 

Ал 1997 жылы «Хабар» арнасына ауысып, осы күнге дейін аталған агенттікте жұмыс істеп келген еді.

Футболдан 1998 жылы Франциядағы әлем чемпионатында қазақ тіліндегі комментатор болған. Одан кейін 1999 жылы Бангкоктегі Азия ойындарын, 2000 жылы Сиднейдегі олимпияда ойындарын, 2002 жылғы Солт-Лейк-Ситидегі ақ олимпиаданы «Хабар» арнасының эфирінде қазақша сөйлеткен. 

2000 жылы спорт журналистеріне берілетін Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір