• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:08:19
Алматы
+35°

2024 жылы Парижде өтетін олимпиада ойындарынан каратэ, бейсбол және софтбол спорт түрлері алынып тасталды, деп хабарлады олимпиада ұйымдастыру комитеті

Ұйымдастыру комитеті жарыс бағдарламасы нақты екенін және тізім өзгермейтінін мәлімдеген. 

Дүниежүзілік каратэ федерациясының президенті Антонио Эспиноса спорттың бұл түрі олимпиада ойындарына оралуы керек екенін айтты.

– Біз әлемге каратэнің ерекше спорт түрі екенін көрсеттік. Ол арнайы спорттық дайындықты және арнайы техниканы қажет етеді. Бұл олимпиадаға ұсына алатын спорт, өйткені ол олимпиадалық құндылықтарға сәйкес келеді, – деді Эспиноса.

Еске салсақ, каратэ спорты Токиодағы 2020 жылғы олимпиада ойындарына алғаш рет енген болатын. Қазақстан атынан барған каратэшілер Дархан Асәділов пен Софья Берульцева елге екі қола медаль алып келген. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Париж 2024 Каратэ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір