• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:36:03
Алматы
+35°
Павлодар облысында 4 көлік жол апатына ұшырап, бірнеше адам жарақат алды. Бір әйел  терезеден ұшып түскен. Бұл туралы облыстың полиция департаменті хабарлады. 

Оқиға 15 тамыз түнгі бір шамасында Назарбаев даңғылы мен Академик Шөкин көшесінің қиылысында болған. "Toyota" көлігі "Volkswagen" көлігіне жол бермей, қатты жылдамдықпен соқтығысқан. 
 
Салдарынан "Volkswagen-де" отырған 38 жастағы әйел көліктің терезесінен жерге құлап түскен.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шегушінің бас миы шайқалып, үш қабырғасы сынған. Маңдайдың тұсы жарақаттанған. 
 
Қазір тергеу жұмыстары басталып, жеңіл автокөлік арнайы айып тұрағына қойылған.  
 
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жол апаты Павлодар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір