• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:19:55
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 14 тамыз күнгі эпидемиологиялық жағдайды  мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 7510 адамнан коронавирус, 408 адамнан пневмония анықталған. 121 адам коронавирустан, 21 науқас пневмониядан көз жұмған.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны  679 832-ке жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 65 306. 

14 тамыздағы мәлімет бойынша, 116 574 адам коронавирус инфекциясынан (–112 025 + және 4 549 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 905 пациент стационарда, 85 669 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1924 адамның жағдайы ауыр, 505 пациенттің жағдайы өте ауыр, 253 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Түркістан облысы ғана "сары" аймақта.

14 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 044 062 адам, 2-компонентін 4 668 157 адам салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір