• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:47:11
Алматы
+35°

Ақтауда 12 жастағы бала көшеде кенеттен көз жұмды.  Бұл туралы Lada сайты хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, баланың жүрегі тоқтап қалған. Оқиғаға қатысты Ақтау қаласының тұрғындары мен оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде мынадай жазба қалдырды.

"Үшінші ықшамауданда бала қайтыс болды. Біз жедел жәрдем көлігін 40 минут күттік. Сосын олар  ата-аналар келмейінше, біз ештеңе істемейміз дейді. Баланың ата-анасын қайдан іздеп табамыз? Адамдар жерде жатқан баланы көріп,  үндемей өтіп бара жатыр, – дейді олар.

Маңғыстау облысы жедел жәрдем станциясының директоры Айралбек Шыршықбаевтың айтуынша, баланың жүрегі дәрігерлер келгенге дейін тоқтап қалған.

– Бригадаға шақырту түскеннен кейін оқиға орнына 9 минутта жетіп, баланы бірден тексердік. Алайда баланың жүрегі дәрігерлер келгенге дейін тоқтап қалған. Осыған қарамастан, фельдшерлер 30 минут жүрек-өкпе реанимациясын жүргізген. Өкінішке қарай, бұл – нәтиже бермеді. Баланы көшеде өтіп бара жатқан адамдар тауып, хабарлаған, – деді А. Шыршықбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір