• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:06:06
Алматы
+35°

Бүгін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ақтау қаласында «Jastar» студиясы ашылды. Ол Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығында орналасқан. Студияның алғашқы қонағы болған облыс әкімі С.Трұмов маңғыстаулық жастарды бүгінгі халықаралық жастар мерекесімен құттықтап, студия жүргізушісінің сұрақтарына жауап берді.

 «Бүгін ерекше күн, жалындаған жастарымыздың мерекесі. Барша маңғыстаулық жастарды осынау айтулы мерекемен құттықтаймын! Бүгінгі ашылып жатқан «Жастар» студиясының қадамы құтты болсын! Ел үмітін – ер ақтар. Сөзсіз, бүгінгі жаңа буын жас талап күш-қайраты бойында бар кезде елі, ұлты үшін қызмет жасауға міндетті. Өз Отанын әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына қосу – білікті де саналы ұрпақтың қолында»,- деді С.Трұмов.Aqtau

Жаңа студия бірнеше тақырыптық қабырғаларға бөлінген. Бұл орталықта жастар түрлі тақырыпта фото және фидео өнімдерін жасай алады. Бұдан бөлек ҚР 30 жылдығы қарсаңында «Маңғыстау жастары» интернет порталы іске қосылды. Бұл портал жастар саясаты саласындағы атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат алуға, авторлық жобалармен немесе жаңалықтармен бөлісуге, волонтерлық топтар мен жастар ұйымдарына мүшелікке өтуге мүмкіндік береді. Aqtau

Бүгінде облыста 14-29 жас аралығындағы 150 мыңнан астам жас бар. Ол облыс халқының 21%-ын құрайды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау бизнес» жобасы бойынша өз ісін бастауға 240 жас грант және 35 жас шағын несие алды. Сонымен бірге, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдарға еңбек етуге барған 250 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы берілді. Сондай-ақ, 124 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі ұсынылды.

Биыл «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 6434 жас жұмысқа орналастырылды. 2021-2022 оқу жылына облыс әкімінің 175 гранты тағайындалды. 

Аймақта 50-ге жуық волонтерлік топтар мен қайырымдылық ұйымдары бар, олардың қатарында 3 мыңға жуық ерікті қызмет етеді. Маңғыстау облысының волонтерлер корпусы пандемия кезінде облыс тұрғындарына коронавирустан қорғану, төтенше жағдай режиміндегі қауіпсіздік шараларын сақтау, карантинде қиын жағдайға тап болған әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға қолдау көрсету бағытында ауқымды жұмыс атқарып келеді. 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Маңғыстау Ақтау әкім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір