• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:02:44
Алматы
+35°

Каратэден XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Дархан Асаділов пен Софья Берульцева туған жерге оралды. Шымкент қаласының халықаралық әуежайында жеңімпаз спортшыларды жерлестері зор қошеметпен күтіп алды.

– Оңай жарыс болған жоқ. Қарсыластар да өте мықты. Ел үшін, жер үшін, ту үшін бар күшімізді салдық. Бұйырғаны осы екен. Елге оралғанша өкініш сезімі болды, алайда жақындарымның, отандастарымның қолдауы мен қуанышын көріп, барлығын ұмытып, марқайып қалдық, –  деді Дархан Асаділов олимпиада ойындарының қола жүлдегері 

– Мен Қазақстан үшін күрестім, бәріміз күрестік! Барлық спортшылар өз күштерін салғандығына күмәнім жөқ. Алда одан да биік шыңдарды бағындырамыз. Барлықтарыңыздың қолдауларыңызға рахмет.


Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ғаламдық бәсекеде жүлдегер атанған спортшыларды әуежайдан қарсы алып, жерлестерімізді жарқын жеңісімен құттықтады. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел үмітін ақтағанын, алдағы дүбірлі додаларда одан да жоғары жетістіктерге жетулеріне сәттілік тіледі. Қала әкімі сайыпқыран спортшыларға демеуші азаматтардың атынан темір тұлпардың кілтін табыс етті, – деді Софья Берульцева олимпиада ойындарының қола жүлдегері


– Жеңімпаздарды шын көнілмен құттықтаймыз. Әрине, бұл олардың көпкүндік табанды жаттығуларының әсерлі нәтижесі болып табылады. Алда одан да үлкен жетістікке жетіп, ел үмітін ақтауда сәттілік тілеймін, – деді Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі


Айта кетсек, Токио Олимпиадасында Шымкент қаласынан 10 спортшы бақ сынаған болатын. Каратэ спортынан Дархан Асаділов пен Софья Берульцева жартылай финалға дейін жетіп, қола жүлдегер атанды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір