• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 06:53:43
Алматы
+35°

Елорданың барлық білім беру ұйымдарында "Ashyq" жүйесі орнатылады. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Президенттің тапсырмасы бойынша 2021-2022 оқу жылын дәстүрлі форматта бастау жоспарлануда. Ол үшін қала мектептерінде оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар жүргізіледі. Қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық білім беру ұйымдары Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес жұмыс істейді", делінген білім басқармасы таратқан хабарламада.

Жаңа оқу жылы қарсаңында барлық мектептерде "Ashyq" жүйесі орнатылады.

Яғни бұл жүйені орнатц арқылы оқу процесін карантиндік шектеу кезінде білім беру нысандарының жұмысын дәстүрлі форматта жалғастыруына мүмкіндік береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір