• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:44:19
Алматы
+35°

Индонезия пандемияның Азиядағы эпицентріне айналды себебі бұл ел әлемдегі күнделікті өлім -жітімнің ең көп санын тіркеді.

Индонезияда инфекция  ең жоғары шекке жетіп, күніне 50,000-нан астам ауру жағдайы тіркелді. Сарапшылар нақты сандар ресми есептеуден де көп болуы мүмкін деп алаңдайды.

Индонезия денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, бүкіл ел бойынша коронавирусты жұқтырғандар саны 26,415 -ке көбейіп, 3,666,031 -ге жетті, қайтыс болғандар саны 107,096 -ға жетті.

Қазіргі уақытта Индонезия үкіметі жергілікті жерлерде көп деңгейлі шектеу схемасын енгізуде.

Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, бүгінгі күнге дейін елде кемінде 23,77 миллион адам екі рет вакцина алды, ал алғашқы дозасын алғандардың саны 50,49 миллионға жетті.

Индонезия 208,2 миллион адамды вакцинациялауды мақсат етіп отыр.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Индонезия пандемия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір