• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:26:48
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрлігі үкіметаралық келісімдер шеңберінде қазақстандықтар тегін оқи алатын елдер саны артқанын мәлімдеді.

Министрлікңтің хабарлауынша, қазақстандықтарға гранттарды Словакия, Әзірбайжан және Вьетнам елдері бөледі. 2019 жылы білім беру саласындағы келісімдер аясында мемлекеттер тізімінде 7 ел болса, 2021 жылы олардың саны 10-ға дейін артты. Мемлекеттердің қатарында Венгрия, Польша, ҚХР, Украина, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан бар. Өткен 2 жылда 1000-ға жуық қазақстандық осы елдердің жетекші ЖОО-да тегін білім алды. Биыл қазақстандықтарға 500-ге жуық грант бөлінді. Үкіметаралық гранттар аясында қазақстандықтар бакалавриат, магистратура, докторантура, резидентура бағдарламалары бойынша оқи алады.

– Жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық кадрлық әлеуетке нәтижелі әсер етеді. Отандық жоғары оқу орындарында білім беру процесінің сапасын күшейтумен қатар, азаматтарымыздың әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болуы үшін жағдай жасау қажет. Біз "Болашақ" стипендиялық бағдарламасы бойынша ғана емес, үкіметаралық келісімдер шеңберінде де қазақстандықтарды тегін оқыту үшін елдер географиясын кеңейтіп жатырмыз. Қазақстанға оралғаннан кейін мамандар алған білімдерін өздері еңбек ететін саланы дамыту үшін қолданады деп үміттенеміз, – деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

2019 жылмен салыстырғанда конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірушілер саны 15%-ға өскен. Үміткерлерді іріктеуді депутаттар, сарапшылар, инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының ғалым-докторларынан тұратын тәуелсіз комиссия жүргізеді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір