• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:26:58
Алматы
+35°

Қазақстанда коронавирус вакцинасының үшінші компонентін салдыру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Сәуле Атығаева орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді

Дәрігердің сөзінше, үшінші компонентті салдыру қажет болуы мүмкін. Екпе алу кезеңі жас категориясына қарай әртүрлі болуы керек. Бірақ COVID-19-ға қарсы үшінші компонентті алу қажеттілігі антиденелердің деңгейіне байланысты болады. 

– Ревакцинация (вакцинаны қайта егіу - ред) қажеттігі ағзадағы антидене санына қарай анықталады. Антидене саны бірден төмен адамдарға ревакцинация керек болуы мүмкін. Бұл мәселе қазір талқыланып жатыр. Алдағы таңда оның жауабын аламыз, – деді Сәуле Атығаева.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір