• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

25 Қазан, 16:17:48
Алматы
+14°

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио олимпиадасының финалына шыға алмады, деп хабарлады Olympic.kz сайты. 

Бокстан 52 келі салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды. Қазақстандық Сәкен Бибосынов төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді.

Кездесудің бірінші раундында Сәкен нокдаун алып, британиялық Джалал Яфаи айқын басымдықпен алға шықты. 

Екінші раундта бес төрешінің үшеуі ғана Бибосыновтың басымдығын мойындаған. Шешуші үшінші раунд қорытындысы бойынша 3:2 есебімен ұлыбританиялық Джалал Яфаи жеңіске жетті. 

Осылайша, Сәкен Бибосынов Токио олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Қазақстандық боксшылар еншісінде алғаш рет олимпиада алтыны жоқ. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Сәкен Бибосынов бокс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір