• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:13:16
Алматы
+35°

Токио олимпиадасында еркін күрес шебері Данияр Қайсанов жартылай финалға шықты, деп хабарлады Olympic.kz сайты.

74 келідегі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Данияр Қайсанов ширек финалда мысырлық Реда Рамадан Хуссейнмен белдесті. Бірінші кезеңде қарсыласы бірден алға ұмтылып, үш ұпайды алып кетті. Ал Қайсанов екі ұпай алды. Ал екінші кезеңде мысырлық балуан өз басымдығын бес ұпайға дейін жеткізді. Бірақ Қайсанов өз әдістерін шебер орындап, есепті 8:5-ке жеткізді.

Жартылай финалда Данияр Қайсанов әлем чемпионы, ресейлік Заурбек Сидаковпен кездеседі. 

Белдесу Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-ге жоспарланған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір