• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:14:23
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында оқушыларға тек мектеп формасын ғана емес, классикалық стильдегі киімді де киюге рұқсат берді. Алайда тігіншілер министрдің бұл шешіміне наразы, деп хабарлады КТК арнасы.

 

Тігін кәсіпорнының жетекшісі Сергей Сокирко министрдің бұл мәлімдемесіне тігіншілер тарапынан наразылықтар туындап жатқанын жеткізді.

– Күтіп жүргеніміз мүлдем басқа жаңалық еді. Былтыр жеңіл өнеркәсіптегілердің жартысында жұмыс тоқтады. Енді білім министрі биыл қалғанын құртайын деп отыр. Миллиондаған ақшамызға қаншама шикізат сатып алдық. Өткен жылы трикотаж бен іскерлік киімдерді тігіп, әйтеуір аман қалғанбыз. Енді қайтіп күн көреміз?!, –  дейді Сергей Сокирко.

3 тамыз күні Асхат Аймағамбетов facebook парақшасында жаңа оқу жылында балаларға классикалық стильдегі киім киюге рұқсат берілетінін мәлімдеген.

– Мектеп формасын қолдағандар мен қарсылық білдіргендердің пікірлерін саралап, барлық жағдайларды ескере отырып, біз оқушыларға тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де келуге мүмкіндік беретін шешімді қабылдадық. Бұл шешім тек келесі оқу жылы үшін қабылданды, –  деген болатын министр. 

Аймағамбетовтың айтуынша, қазіргі кезде дүкендер белгілі бір уақытта, ал кейбір қалаларда жұмыс күндері ғана істейді. Егер ата-аналар балаларға мектеп формасын сатып алу үшін сауда орталықтары мен дүкендерге жаппай баратын болса, онда ұзын-сонар кезектер болып, Covid-19 жұқтыру қаупі күшейеді. Сонымен қоса кейбір отбасыларға мектеп формасын сатып алу отбасылық бюджетке қосымша жүктеме болуы мүмкін.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Асхат Аймағамбетов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір