• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:00:35
Алматы
+35°

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Токио олимпидасының жартылай финалында сүрінді.

91 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен боксшы жартылай финалда америкалық Ричард Торреспен жұдырықтасты. Үшінші раундта қазақстандық боксшының қабағы жарылып, жеңіс АҚШ өкілі Ричард Торреске берілді.

Нәтижесінде Қамшыбек  Қоңқабаев Токиодағы олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Алғашқы жекпе-жекте Қоңқабаев мысырлық Есри Мостафа Резкты 5:0 есебімен жеңген болатын. Одан кейін ширек финалда ресейлік боксшы Иван Верясовтан басым түсіп, жартылай финалға шыққан. 

28 жастағы Қамшыбек Қоңқабаев Қызылорда облысында туған. 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатында күміс медаль еншілеген. 2017, 2019 және 2021 жылдары Азияның вице-чемпионы атанған. Биылғы Токио олимпиадасының ашылу салтанатында Қоңқабаев ту ұстап шыққан.

Токио олимпиадасында жарыс жолында бір ғана қазақстандық қалды. Ол кеше испаниялық Эскобар Маскунаноны жеңіп, жартылай финалға шыққан.




"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір