• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:27:03
Алматы
+35°

Токио олимпиадасы кезінде Беларусь билігін сынап, еліне қайтудан бас тартқан беларусь спортшысы Жапониядан кетті.

24 жастағы Кристина Тимановская сәрсенбі күні таңертең Венаға ұшатын рейске отырды.

Беларусь спортшысына Польша мемлекеті гуманитарлық виза бергендіктен, тікелей Варшаваға барады деп күтілген еді. Бірақ спортшы соңғы минутта баратын жерін өзгерткен.

– Тимановская Польша дипломатиялық қызметтерінің қорғауында. Біз бірнеше рет айтқанымыздай, қауіпсіздік мақсатында ұшу бағытының егжей -тегжейін айтпаймыз, –деді Польша сыртқы істер министрінің орынбасары Марчин Придач.

Спортшы бұл жолы өзінің әрекеті саяси наразылық емес екенін айтты. Оның сөзінше, беларусь шенеуніктері олимпиадада қателіктер жіберген.

Спортшы жаттықтырушыларын сынға алғанын, содан кейін мәжбүрлі түрде әуежайға апарылғанын айтты.

Ол алдымен жапон полициясының қорғауына болды. Кейінірек Токиодағы Польша елшілігіне жеткізілді.

Беларусь тарапы оның эмоционалды жағдайына байланысты ұлттық құрамадан шығарылғанын мәлімдеді.

Бірақ Тимановская психикалық денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ екенін айтады.

Спортшы "саяси ештеңе айтпағанын" мәлімдеді. Беларуське өзінің қауіпсіз екенін нақты білгенде ғана қайтпақ.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Беларусь спортшы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір