• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:54:49
Алматы
+35°

"АҚШ Пентагон ғимаратының сыртында атыс болып, көп ұзамай ғимарат оқшауланды" деп хабарлады CNN телеарнасы.

Мәліметтерге сәйкес, ғимараттың сыртында болған атыстан бірнеше адам жарақат алған. Бір офицердің оққа ұшқаны хабарланды. Барлық қызметкерлерге ғимарат ішінде болуға бұйрық берілген.

Оқиға болған ғимарат – Пентагонның негізгі кіреберісі. Ғимаратқа күн сайын мыңдаған қызметкер кіреді.

Пентагон күштерін қорғау агенттігі твиттерде "Қазіргі уақытта Пентагон транзиттік орталығында болған оқиғаға байланысты оқшауланды. Біз халықты бұл аумақтан алыс болуды сұраймыз. Қосымша ақпарат алдағы уақытта болады" деп жазды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Пентагон АҚШ Атыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір