• USD 472.14

  • EUR 498.39

  • RUB 7.65

  • CNY 67.93

10 Желтоқсан, 00:31:31
Алматы
-11°

Шетелдік мамандардың есептеуінше, Қытайдағы "Қайта тәрбиелеу орталығы" деп аталатын концлагерлерде Шыңжаңдағы қазақ және ұйғыр сияқты азшылық ұлттардың кемі 10%-ы қамалған. Ал, ресми статистика Қытайда 2 миллиион қазақ бар екенін көрсетеді. Осы есеп бойынша қазір Қытайда кемінде 200 мың этникалық қазақ концлагерлерде қамалған.  

"Саяси тәуекелдер" (Journal of Political Risk) журналының 2019 жылғы зерттеу мақаласына сәйкес, Қытайдағы қайта тәрбиелеу лагерлерінде қамалған адамдар саны 1,5 млн. Сол жылдың қараша айында Шыңжаңдағы лагерьлер саны 1000-нан асқаны мөлшерленген. 

2019 жылдың қараша айында зерттеуші Джордж Фридман Шыңжаңдағы 10 тұрғынның біреуі қайта тәрбиелеу лагерлерінде ұсталады деп есептесе, Кембридж профессоры (PhD) Адриан Зенцтың зерттеуі бойынша, лагерлерде жергілікті тұрғындардың кемінде 10 пайызы қамалған.  

Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше кейбір мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне Қытайдың Шыңжаңдағы саясатын айыптайтын мәлімдемелер шығарған.

Америка Құрама Штаттары 2021 жылы 19 қаңтарда Шыңжаңдағы адам құқықтарының бұзылуын "геноцид" деп жариялаған бірінші ел болды. Канада, Голландия, Ұлыбритания сияқты бірнеше елдің парламенті Қытайдың Шыңжаңдағы әрекетін "геноцид" деп танығанын жариялады. Жаңа Зеландия, Бельгия, және Чехия сияқты басқа парламенттер Қытай үкіметінің Шыңжаңдағы қазақ, ұйғыр сияқты азшылық қауымға жасаған саясатын "адам құқықтарын қатаң бұзу" немесе "адамзатқа қарсы қылмыс" деп айыптайды. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай концлагер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір