• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:24:08
Алматы
+35°

Фото: Қазақ радиосы әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қазақ өнерінің көрнекті тұлғасы, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Люция Төлешова өмірден өтті. Қаралы хабар Қазақ радионың әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.

Люция Қажығалиқызы Төлешова 1941 жылы 22 мамырда Астрахань облысында дүниеге келген. 1962 жылы Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін бітірген.

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті болып, "Чио-Чио сан", "Ер Тарғын", "Қыз Жібек" операларында басты рольдерді сомдаған.

1970 жылы композитор Мансұр Сағатовтың шақыруымен телерадиокомитеттің өнер ұжымына әнші ретінде қабылданып, Қазақ радиосының "Алтын қорын" толықтыруға үлкен үлес қосқан. Оның Қазақ радиосының "Алтын қорында" 300-ден астам әні бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір