• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

26 Қазан, 11:23:22
Алматы
+12°

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлікте маска режимінің сақталуы тексерілді.

CTS көлік компаниясының мамандары автобустарға кіріп, жолаушылардың бетперде режимінің сақталу-сақталмауын қадағалады. Тексерушілер маскасын шешіп отырғандарға және оны дұрыс тақпағандарға ескерту жасап, елордадағы эпидемиологиялық жағдай мен коронавирус ауруының өсуіне байланысты маска режимін сақтауды сұрады. 

– Қазір рейдке жиі шығамыз. Өздеріңіз білесіздер, карантинге байланысты қоғамдық көлікке кірген жолаушылар міндетті түрде бет–перде ережесін сақтауы керек. Бірақ кейбір жолаушылар маска тақпай кіреді. Сол себепті автобуста жүрген кезде «бетперде тағыңыздар» деп ескертеміз. Қазір маскаға қатысты жай ғана ескерту жасап жүрміз. Айыппұл салынып жатқан жоқ. Жолаушылардың тең жартысы бетперде тақса, жартысы маскасыз немесе дұрыс тақпай отырады. Ал бізді көре сала жылдам тағып ала қояды. Қазір қоғамдық көлікте дезинфекция жүргізіліп тұрады. Дегенмен маска тағу ауру жұқтыру қаупін азайтады. Адам көп жиналатын жерде барынша қауіпсіздік сақтаған абзал, – деді CTS компаниясы көлік бақылау департаментінің менеджері Алтынай Әлішбекова.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір