• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:22:06
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда болған алапат өртке байланысты Режеп Тайып Ердоғанға жеделхат жолдады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

"Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда болған алапат өрт салдарынан елдің экономикасы мен туристік базасына орасан зор шығын келгеніне және азаматтардың денсаулығына ауыр зардабын тигізгеніне байланысты Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға ниеттестік білдірген жеделхатын жолдады.
 
Қазақстан президенті өз жеделхатында бауырлас түрік халқына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтіп, президент Режеп Тайып Ердоғанға елдегі табиғат апатына қарсы күресте сәттілік тіледі" делінген президент жеделхатында.

Соңғы бірнеше күннен бері Түркияның курорттық аймағында орман өрті өршіп тұр. Өрт салдарынан 6 адам қаза болып, 180-нен астам адам зардап шекті. 

Курортта демалып жатқан туристер қауіпсіз аймаққа көшірілді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Түркия Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір