• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:34:11
Алматы
+35°

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин шараларына байланысты жаңа қаулы жариялады

Қаулыға сәйкес, қалада 2 тамыздан 16 тамызға дейін жаңа шектеу шаралары енгізіледі. Оған сай, кәсіпкерлік нысандар тек Ashyq жүйесімен жұмыс істейді. Сондай-ақ демалыс күндері Ashyq жүйесімен жұмыс істейтініне, істемейтініне қарамастан ұйымдар қызметі  тоқтайды. Шектеу төмендегідей мемлекеттік және кәсіпкерлік мекемелерге қатысты емес. 

 • орталық мемлекеттік органдар, әкiмшiлiктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азык-түлік дүкендері (супер-гипермаркеттер, азык-түлік дүкендері, минимаркеттер, зоодүкендер);
• дәріханалар және өмір сүрудi камтамасыз ететін, құрылыс және өндiрiстiк жұмыстармен шұғылданатын ұйымдар;
• қызметтер (автожуу, автомобиль, тұрмыстық техника, сағат, телефон, компьютер, аяқ-киім жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, киім тазалау, кілт дайындау, тұрмыстық қызмет көрсету түрі және басқа);
• гүл дүкендері, фотосалондар, туристік компаниялар, бизнес орталықтары;
• бөлек кызмет түрлері (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік, жарнама агентіктері, сот орындаушылары, ақша айырбастау орындары, ломбардтар, банктер, "Казпошта" АҚ бөлімшелері т.с.с.);
 
Қоғамдық тамақтану нысандарына тек өзімен алып кету және жеткізу қызметтеріне рұхсат етіледі. Ойын-сауык, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
 
Мемлекеттік органдардың, офистердiң, ұлттық компания және ұйым қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс режимін сақтауға тиіс. Вакцина салдырған және соңғы 3 айда коронавирус жұқтырып ауырғандарға бұл шектеулер енгізілмейді.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір