• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:40:16
Алматы
+35°

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының көшбасшысы, Қазақстанның медальға басты үміттерінің бірі болған Ольга Рыпакова үш қарғып секіру спортынан іріктеу турынан өтпей қалды.

Рыпакованың Токио ойындарындағы үздік нәтижесі 13,69 метр болды. Бұл оған финалдық сынға өткен 12 спортшының қатарына енуге мүмкіндік бермеді.

Ольга Рыпакова Рио-2016 ойындарында қола, 2021 жылы Лондон өткен олимпиадада алтын медаль жеңіп алған. 2018 жылы ресми түрде Бейжің олимпиадасының (2008 ж) күміс жүлдегері деп танылды. Ол 2008 жылғы олимпиадада төртінші орын алған. Кейін күміс және қола алған спортшылар – грекиялық Хрисопия Деветци мен ресейлік Татьяна Лебедеваның сынамасынан допинг табылып, олимпиада медальдерінен айрылуына байланысты төртінші орында тұрған Рыпакова автоматты түрде екінші сатыға жайғасқан.

Сондай-ақ қазақстандық жеңіл атлеттер Мария Овчинникова мен Ирина Эктовада да финалдық бәсекеге өте алмады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Токио

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір