• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:28:54
Алматы
+35°
Мәжіліс депутаты, саясаттанушы Ерлан Саиров әлеуметтік желіде өзін-өзі ұстаудың этикасы болуы керектігін айтып, "Әлеуметтік желі кодексін" қабылдау мәселесін көтерді.
 
Депутат желінің жоғары деңгейдегі мәдениетін қалыптастырудың маңызын, оның басты аспектісі адамның жеке басына қол сұқпау, адамның әр-ожданын ардақтау екенін атап өтті.
 
"1. Сын жеке басқа мінсіз болуы керек.
2. Сынның жебесі қоғамдық маңызы зор, халқымыздың рухани әлеміне қатысты терең проблемаларға арналған болуы керек.
3. Өкіметтің іс-әрекеттерін, мемлекетті талқылаған кезде жеке басқа тиіспеу аксиома болуы керек.
4. Әлеуметтік желі мен адамның жеке өмірі бір-біріне қатысы жоқ, араласпайтын екі әлем.
5. Әр адамда жеке өзінің рухани, мәдени, адами цензурасы болуы тиіс.
6. Әлеуметтік желі рухани әлемі терең, мәдениеті жоғары, адамгершілік қасиеті мол адамдардың ортасы болуы керек. 
"Әлеуметтік желі Кодексі" өмір қажеттілігі!" деп жазды депутат facebook желісінде.
 
Ерлан Саиров мұндай мәлімдемені жазушы Аягүл Мантайдың суицидінен кейін жасады. Әлеуметтік желіде жазушының өзіне қол жұмсауына әлдекімдердің жеке басына айтқан сөзі себеп болуы мүмкін деген ақпарат тарап жатыр.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір