• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:07:54
Алматы
+35°

Түркияның курортық аймағы Анталияның Манавгат ауданында орман өртеніп, 50-ден астам адам түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлады Анадолы агенттігі.

Орманда басталған тілсіз жау елді мекендерге жеткен. Осының салдарынан Түркияның оңтүстігіндегі алты ауданның тұрғындары түгел эвакуацияланған

Түркия ауылшаруашылығы министрлігі хабарлағандай, ормандарды тілсіз жаудан құтқаруға 19 тікұшақ, 108 машина, 400-дей персонал жіберілген. Бірақ өртті сөндіру оңай болмай тұр. Желдің күшеюі өртті одан сайын өршітіп жатыр.

Анталия – шетелдік және жергілікті туристер көп баратын Тұркиядағы аймақ. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, мұнда өрттің өршуіне аптап ыстық пен ұйытқыған жел себепші. Өрттің неден басталғаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір