• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

26 Қазан, 10:36:59
Алматы
+10°

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы және Атырау, Қарағанды облыстарында карантин шараларына өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді.

Аталған өңірлерде 2 тамыздан бастап төмендегідей шаралар енгізіледі:

  • орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, меншік нысандарына қарамастан, "Ashyq"-қа қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады;
  • ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің (вакцинацияланған және соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда)  80%-ы үшін қашықтан жұмыс істеу нысаны сақталады;  

"Ashyq" жобасынан тыс:

  • құрылыс жұмыстарын жүргізуге;
  • өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне;
  • туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің қызметіне;
  • қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметіне рұқсат етіледі.

Сонымен қатар 9 тамыздан бастап инфекциялық төсек-орындарының толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және төсек-орындардың  толтырылу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары болған кезде ("қоңыр-қызыл" аймақ) "Ashyq" көшбасшылары мәртебесі бар объектілерге 00.00 сағатқа дейін, жоба бойынша жұмыс істейтін өзге де объектілерге сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

2 тамыздан бастап "қоңыр-қызыл" аймақта әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды, "Ashyq" жобасына қатысушыларды қоса алғанда, меншік нысандарына қарамастан, барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі демалыс күндері тоқтатылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір