• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

19 Қаңтар, 17:52:28
Алматы

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада эпидемиологиялық жағдай күрделеніп жатқанын мәлімдеді. 

Пандемия басталғалы қала үш толқыннан өтті, қазір төртінші толқынға кіріп жатырмыз. Сондықтан қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделеніп жатыр. Соңғы аптаны алсақ, өткен аптамен салыстырғанда науқастар саны 5790-нан 8393-ке  дейін өсті, – деді ол. 

Бекшиннің айтуынша, 23 шілдеден бастап індет жұқтырғандар саны күніне мыңнан асуда. Өткен тәулікте 1470 адамға жеткен. Ал тамызда төртінші толқын шарықтап, қыркүйектің басында ауру жұқтырғандар саны азаяды.

– Қазір бар күшімізді халықты вакциналауға бағыттап жатырмыз. Қалада вакцинаның бірінші компонентін тұрғындардың 35,2 пайызы салдырды. Қазір иммундық қабат 34 пайызды көрсетіп отыр, —деді бас санитар дәрігер. 

Сонымен қатар ол 30 шілдеде жаңа қаулы жариялайтынын айтты. 

– Бұл қаулы 2-16 тамыз аралығында күшінде болады. Құжатты "Атамекен" ұлттық  кәсіпкерлік басқармасымен талқыладық. Бірақ  түпкілікті ұсыныстар мен талаптарды күтеміз. Әсіресе Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істемейтін нысандардың қызметін шектеуіміз керек, –  деді Бекшин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір