• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 03:30:01
Алматы
+35°

Алматыда күйеуден қайтып келген қызын анасы мен інісі соққыға жыққан. Соққыға шыдамаған келіншек "Жан-Сая" дағдарыс орталығының көмегіне жүгінген, деп хабарлады 31 арна.

Өткен дүйсенбі күні кешкі уақытта Замираны анасы мен інісі жұмыстан шығар сәтін аңдып, көлікке күштеп отырғызып, қаланың шетіндегі өз ауылына әкеткен.

Кейін отбасынан зәбір көрген келіншек полицияға шағымданған. Алайда құзырлы органдар мұны "отбасылық жанжал" деп іздестіру жұмыстарына кіріспеген. 

– Мен ажырасқаннан соң, өз отбасымнан 6 айдан бері тек қорлық көріп келемін. Неге тұрмыстағы қиындыққа шыдамайсың, деп мені ұрумен болды. Кейін отбасым бір орыс ұлтының азаматымен араласып жүргенімді біліп қойып, қарғап, шашымнан сүйреп әбден ұрды. Тіпті мұрнымды да сындырды. Телефоным арқылы қайда жүргенімді бақылайтын бағдарлама орнатып қойған. Әрі қарай шыдай алмаған соң, осы орталыққа қашып кеткен едім. Мені жұлқылап көлікке отырғызып жатқанда айналамдағы бірде-бір адам көмекке келмей, бәрі қарап тұрды, – дейді әйел.

"Жан-Сая" дағдарыс орталығының директоры Зульфия Байскакованың айтуынша, журналистер келеді дегенді естіген отбасы қызды орталыққа кері қайтарып жіберген.

– Алматы облысы Іле ауданының полиция қызметкерлеріне біз шағымданып, қайта-қайта хабарласқаннан кейін олар бір тәуліктен соң қыздың үйіне іздеп барды. Учаскелік полиция бізге тіпті отбасындағы жанжалдың нүктесін шешесі қойған жөн деп ақыл айтады. Бірақ, бұл қыз бізге өзінің туғандары әбден сабағанын айтып, жылап келген. Адам өміріне қауіп төніп тұрған кезде, полицияның немқұрайлығына қайран қалдым, – деді орталық директоры.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір