• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:50:28
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бірқатар өңірлердегі ковидтік стационарларда орын толық екенін, бұл денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктемесіне алып келетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, алдыңғы екі аптамен салыстырғанда соңғы екі аптада республика бойынша барлық өңірлерде сырқаттанудың өсуі байқалады. Маусым айымен салыстырғанда орташа тәуліктік сырқаттану деңгейі 5,2 есе өскен. 1 шілдемен салыстырғанда елде инфекциялық және реанимациялық төсек-орынмен қамту 3 есе үдемелі түрде өскен.

28 шілдедегі жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек-орындармен қамту 53%-ды, реанимациялық төсек-орындармен қамту 43%-ды құраған. Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда облыстарында инфекциялық және реанимациялық төсек-орынмен қамтудың жоғары қарқыны байқалады.

Бүгінгі күні ел бойынша 90 мыңға жуық адам науқас, оның 25 мыңға жуығы стационарларда, 65 мыңға жуығы амбулаториялық ем алуда. Шілде айының басымен салыстырғанда ауыр науқастардың саны 2,1 есе өскен. 1000-ға жуық науқас өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған. Министрдің айтуынша, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және бірқатар облыстарда инфекциялық және реанимациялық төсек-орын тапшылығы болуы мүмкін.

Министр науқастардың 99,9%-ы вакцинацияланбағанын, бұл иммундаудың қауіпсіздігі мен тиімділігін растайтынын атап өтті.

– Әрбір қазақстандықтан вакцинациялау туралы саналы шешім қабылдауды, өзін, жақындарын қорғауды және елімізде ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға өз үлесін қосуды сұраймын. Коронавирустың тұрақты түрде бола беретін мутациясы кезінде бұл қорғанудың жалғыз жолы, – деді А. Цой.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір