• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:27:13
Алматы
+35°

2 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қаласында шектеу шаралары қатаңдатылады. Аталған 5 өңір тек Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейді. Ал демалыс күндері барлық кәсіпорынның жұмысы тоқтатылады. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті.

– Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істейтін мейрамхана, ойын-сауық орталықтары, сән салондары сынды кәсіпорындар сағат кешкі 20:00-ге дейін, ал аталған жүйені жауапты түрде жүргізіп, келген азаматтарды тіркеп, чек беретін мекемелер сағат түнгі 22:00-ге дейін жұмыс істей алады. Ал 9 тамыздан бастап, эпидемиологиялық ахуал жақсарса, аталған мекемелердің жұмысы 22:00-ге дейін және тәулік бойына жұмыс істеуге дейін ұзартылады. Сонымен қатар Ashyq жүйесін жауапты пайдаланушыларға демалыс күндері де жұмыс жасауға жеңілдіктер қарастырамыз, –  деді ол. 

Мырзахметовтың сөзінше, бұл шаралар кәсіпкерлерді Ashyq жүйесін жауапты жүргізуге ынталандыру үшін жасалып отыр. Бүгінде Ashyq қосымшасын жауапты пайдаланушылардың саны мыңға жуықтаған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір