• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:30:36
Алматы
+35°

Анкара мен Баку бірлескен түрік армиясын құру мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлады Sputnik Azerbaijan.

Түркия ұлттық мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоптың айтуынша, екі ел экономикалық қатынастарын нығайтуға арналған еркін сауда келісімі бойынша жұмыс істеумен қатар әскери жаттығулар өткізіп жатыр.

– Әскери ынтымақтастық саласында бірлескен іс-шаралар жоспарланған. Осы келісімдер бойынша жұмыс жалғасуда. Біздің басты ұранымыз – бір ұлт және екі мемлекет. Осыған байланысты көптеген келіссөздер мен келісімдер жүргізілді, – деді ол.

Сейсенбі күні Бакуде Әзербайжан, Түркия және Пәкістан парламенттері спикерлері Сахиба Гафарова, Мұстафа Шентоп және Асад Кайзердің алғашқы үшжақты кездесуі өтті. Нәтижесінде олар ынтымақтастықты дамытуға және жаһандық, аймақтық мәселелер бойынша бірлескен жұмыстарға бағытталған Баку декларациясына қол қойды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Түркия Әзербайжан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір