• USD 476.71

  • EUR 467.03

  • RUB 8.36

  • CNY 67.1

02 Қазан, 10:04:19
Алматы
+3°

АҚШ президенті Джо Байден Ұлттық барлау директорының офисіне барған кезде Ресеймен қарым-қатынас туралы айтты, деп жазады Deutsche Welle басылымы.

Байден Ресей президенті Владимир Путиннің ядролық қару мен мұнай ұңғымаларынан басқа ештеңеден тұрмайтын экономиканың ұшарбиігінде отырғаны оның "нағыз проблемасы" деп атады.

Байден сондай-ақ Ресей билігін жалған ақпарат тарату арқылы америка конгрессінің 2020 жылғы сайлауына араласпақ болды деп айыптап, мұны егемендікке қол сұғу деп атады. 

Бұдан бөлек АҚШ президенті кибершабуылдардың үдей түсуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, "егер ірі державамен соғыс өрті тұтана қалса, ол хакерлік шабуыл кесірінен болады" деді.

Бір апта бұрын Вашингтон Бейжіңді Microsoft Exchange Server серисі арқылы ауқымды кибертыңшы операциясын жүргізді деп айыптаған. Сондай-ақ Ақ үй бірнеше рет Кремльді бопсалаушы бағдарламалар көмегімен жүргізілген шабуылдарға қарсы шара қабылдауға шақырған. АҚШ бұл шабуылдар Ресей аумағынан жасалған деп санайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір