• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:34:31
Алматы
+35°

Токио олимпиадасында әйелдер боксынан Қазақстан атынан шыққан Надежда Рябец бірінші кездесуден соң жарысты аяқтады, деп хабарлады Olympic.kz. 

75 келіден жоғары салмақта сынға түскен Рябец әлем чемпионатының қола жүлдегері, канадалық Тамара Тибомен жұдырықтасқан болатын. 

Кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті канадалық спортшыға берді. 

Әйелдер боксынан Токио олимпиадасына Қазақстаннан тек Надежда Рябец жолдама алған болатын.

Қазір Қазақстан қоржынында Токио олимпиадасының үш медалі бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Токио-2020 Олимпиада

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір