• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:14:11
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақмола облысының инвестициялық жобалары таныстырылды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақ әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар мен Көкшетау қаласының даму перспективалары туралы есеп берді.

Президентке аймақтың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, агроөнеркәсіп, туризм, тау-кен металлургиялық кешені, машина жасау, құрылыс индустриясы, энергетика және басқа да салалардағы инвестициялық жобалар таныстырылды.   

Облыс әкімінің есебін тыңдаған мемлекет басшысы өңірді дамытудың басым бағыттарын белгілеп берді.

– Облыстың алдында бірқатар міндет тұр. Соның ішінде астық жинау науқаны. Әрине, бұл науқанның сәтті аяқталуы табиғатқа тікелей байланысты екенін түсінеміз. Дегенмен, табиғи жағдайлардың кері әсерін мейлінше азайтып, астықты барынша мол жинау керек. Бұл – бір. Екіншіден, биылғы жаз не көрсетті?! Мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтар мал сатып алып, өздерін фермерміз деп атайды. Бірақ жем-шөп қорын әзірлеуді ұмыт қалдырады. Сіздің баяндамаңызда бұл мәселенің қамтылғаны дұрыс болды. Қазір осы түйткілді шешумен айналысу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Қ.Тоқаев Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы шешімін түсіндірді.

– Жарлыққа қол қойылды. Аталған құжатқа қол қойылуын және облыстық маңызы бар қала мәртебесінің берілуін көпшілік кеңінен қолдап жатыр. Бірақ, осы шешімнің мәні мен маңызын тек облыс көлемінде ғана емес, жалпы еліміз бойынша халыққа қосымша түсіндіру керек. Бұл шешім, ең алдымен, Қосшы тұрғындарының өмірін жеңілдету мақсатында қабылданды. Онда қағаз бойынша 40 мыңға жуық тұрғын өмір сүреді. Шын мәнінде, ол жерде 80 мың адам тұрады. Олар тұрмыстық мәселелерімен облыс орталығы Көкшетауға баруға мәжбүр болады. Оған көп уақыт, күш жұмсайды. Әрине, бұл тұрғындардың жүйкесін жұқартады. Сондықтан қаланың әкімшілік мәртебесін өзгертетін осындай шешім қабылданды. Мен мұны дұрыс шешім деп есептеймін, – деді президент.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір