• USD 476.71

  • EUR 467.03

  • RUB 8.36

  • CNY 67.1

02 Қазан, 08:18:46
Алматы
+2°

Қазгидромет елдің бірқатар өңіріндегі ауа райына байланысты ескерту жариялады. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады. Петропавлда найзағай жарқырап, бұршақ жауады деп болжануда. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтілуде. Күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жел соғады. Көкшетауда күндіз найзағай ойнайды.

Қарағанды облысында жел күшейіп, кей жерлерде найзағай жарқырайды. Кей аймақтарда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің күші 15 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай және жел күшейеді деп болжанып отыр. Ақтау қаласында түнде және таңертең найзағай ойнайды.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі. Кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20, 23 м/с дейін барады, төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте қаласында солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан қаласында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысында 35 градус аптап ыстық болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз кей жерлерде 15-20 м/с құрайды, төтенше өрт қаупі бар. Талдықорғанда екпіні 15-20 м/с жел соғады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір