• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:17:57
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елдегі университеттерге қарасты жұмысқа тұрғызу орталықтары қызметіне байланысты пікір білдірді.

– Жұмысқа тұрғызу орталықтарының бүгінгі деңгейі мәз емес. Біздің көңіліміз толмайды. Бұл барлық университеттерге қатысты. Олар көбінесе студенттер үшінші курсқа өткенде, оқуды бітіреді деген уақытта ғана жұмысқа тұрғызу жұмыстарын белсенді жүргізе бастайды. Бірақ бұл жұмыс бірінші курстан басталуы керек. Алдын-ала жұмыс іздеу керек. Сосын университеттерге жұмысқа тұрғаны туралы анықтама қажет емес. Бұл ақпаратты зейнетақы қоры арқылы біліп отыруға болады, –  деді министр.

Ведомство басшысы биылдан бастап грант бойынша оқыған студенттер қанша уақыт оқыса, сонша уақытты өтеуге мәндеттелгенін атап өтті.

– Бұрын студенттер грантқа түсіп алады да, сосын ол жақта үш жыл оқиды. Соңғы бітіретін жылын ақылы форматқа ауысып аяқтайды. Олар мұны әдейі істейді, өйткені кейін грантты өтегісі келмейді. Сондықтан бұдан-былай грантта қанша жыл оқыса, сонша жылын өтеуге міндеттеледі. Бұл нормалар студенттердің жағдайын жақсартуға қабылданып отыр. Сондықтан ЖОО басшылары тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырамын, – деді Аймағамбетов.  

Министрдің сөзінше, енді талапкерге ертең гранттың өтеуі болатынын туралы ақпарат грантқа өтініш берген кезден бастап беріледі. Студенттер бірінші курстан бастап осы ақпараттан хабардар болуға тиіс. Ал грантты тек мемлекеттік ұйымдарда емес, жекеменшік орталықтарда да өтеуге болады. 

– Студенттердің жекеменшік ұйымдарда да жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Мысалы фармация мамандығы бойынша білім алған студент, оқуды бітіріп ауылына қайтып барады. Ал ауылда мемлекеттік дәріхана жоқ. Сондықтан жекеменшік орындарда да қызмет ете беруге болады, –  деді министр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Асхат Аймағамбетов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір