• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Наурыз, 15:24:21
Алматы
+35°
 

Әлемнің түкпір-түкпірінде табиғаттың түрлі тосын сыйы мен апаттар болып жатыр.

Айталық, мол мөлшерде түскен жауын-шашын салдарынан Лондонның көптеген аудандарының көшелері су астында қалды.

ВВС дегегінше, ұзын-сонар көлік кептелістері пайда болып, пойыз бен метро қозғалысы бұзылған. Солтүстік айналма жол мен Темза өзенінің астындағы тоннель, 8 метро бекеті жабылған.

Ұлыбритания билігі жауын деңгейі 100 миллиметрге жеткен елдің оңтүстік-шығысының басым көпшілігіндегі жағдайға байланысты "сары деңгей" жариялады.

– Мен Лондонда туып-өстім. Мұндайды өмірімде көрмеппін. Автобустар судан қозғала алмай бір орында тұрып қалды, – дейді велосипедист Эдди Эллиотт.

Синоптиктер алда тағы нөсер жауып, жел соғуы мүмкін екенін ескертті.

Ал Африканың оңтүстігінде қар жауып, рекордтық аяз тіркелді. Оңтүстік Африка республикасының орталық бөлігінде ауа температурасы минус 10 граудусқа дейін төмендеген. Көктайғаққа байланысты жолдар жабылған.

 
 
 
 
 

Dw.com басылымының жазуынша, 24 шілде түнде бойынша елдің 19 ауданында төменгі температура рекорды тіркелген.

Өткен аптада Түркияның Риза және Артвин провинцияларында нөсерден су тасқыны болды. Архави өзіні арнасынан асып, аудан орталығы мен ауыл жолдарын басып қалған.

Германияның Рейнланд-Пфальц, Солтүстік-Рейн-Вестфалия және Бавария штаттарында нөсер жауып, салдарынан су тасып, 164 адам қаза тапты. 

Кобленц полициясының мәлімдеуінше, Рейнланд-Пфальц штатында су тасқыны кезінде қаза тапқандар саны 117-ге, жарақат алғандар саны 749-ға жеткен. Солтүстік Рейн-Вестфалия штатының ішкі істер қызметі штатта су тасқынынан қаза тапқандар саны 47-ге дейін өскенін мәлімдеді.

21 шілдеде Қытайдың Чжэнчжоу қаласына толассыз жауған жаңбыр салдарынан 12 адам қайтыс болып, мыңдаған адам эвакуацияланды.

Хэнань провинциясындағы тасқыннан 500-ден астам адам құтқарылып, 200 мыңнан астам адам үйлерінен эвакуацияланды. Апаттың видеолары әлеуметтік желіде тарап жатыр.

– Мен Чжэнчжоуда тұрғалы өмірімде бүгінгідей жаңбыр көрген емеспін, – деді Ван Гиронг атты 56 жастағы қытай азаматы.

Би-би-си мәліметінше үш күнде Чжэнчжоуда жауған нөсер мөлшері бір жылдық жауын-шашын деңгейіне тең болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір