• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

27 Қыркүйек, 20:01:59
Алматы
+19°

Қазгидромет 27-29 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің хабарлауынша, аптаның басында Мәскеу аудандарынан келетін антициклон елдің көп бөлігіне әсер етеді. Салқын ауа массалары әсерінен күн салқындайды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Түнде ауа температурасы салқын, ал күндіз қалыпты болады деп күтіледі. Ал республика аумағындағы ауа райы төмен қысымды алаңға байланысты өзгереді. Осылайша 28 шілдеде батыс пен шығыста, 28-29 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысы және оңтүстік жартысында, 29 шілдеде орталықта күн күркіреп, екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр, сондай-ақ бұршақ жауады деп болжанады" делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы түнде 8-16, ал күндіз 17-30 градусқа төмендейді. Орталықта және шығыста түнде 8-18 градусқа дейін, күндіз 22-30 градусқа дейін жылы болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір