• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:42:40
Алматы
+35°

Токио олимпиадасында стенд атудан қазақстандық мергендер келесі кезеңге өте алмады, деп хабарлады Olympic.kz сайты.

"Скит" жаттығуы бойынша сынға түскен спортшылар бес раунд бойы іріктеу кезеңін өткізді. Іріктеу нәтижесі бойынша алты спортшы ғана келесі айналымға өтеді.

Қазақстандық Әсем Орынбай мен Зоя Кравченко үздіктер қатарына іліге алған жоқ. Зоя Кравченко 113 ұпаймен 22-орын алса, Әсем Орынбай 111 ұпаймен 26-сатыда қалды. 

Финалға өткен спортшылар көшін 124 ұпай жинаған қытайлық Вэй Мэн бастап тұр.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Токио Олимпиадасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір