• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:33:25
Алматы
+35°

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті "қызыл" мәртебесі бар айыппұл салынған тұрғындардың тізімін жариялады.

"Қызыл статусы" анықталған 80 тұрғынға 14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынған, оның ішінде 2 тұрғынға екі рет айыппұл салынған.

COVID-19-ға тапсырған ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен алматылықтар қоғамдық орындарға барып, "ASHYQ" бойынша жұмыс істейтін нысандар (ХҚКО, мейрамхана, фитнес-орталықтар, әуежай) қызметтерін пайдалануға тырысқан. "Қызыл статусы" анықталған аталған тұрғындар "ASHYQ" жобасы бойынша жұмыс істейтін объектілерге жіберілмеді.

"Сондықтан амбулаториялық емделіп жатқан қала тұрғындарын өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақырамыз. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдарға жұқтырмас үшін адам көп жиналатын орындарға бармауы керек" делінген мәлімдемесінде.

Алматы қаласының аудандары бойынша "қызыл статусы" бар, 14 күндік үй карантинін бұзып және 30 АЕК мөлшерінде айыппұлға тартылған тұрғындар тізімін мына жерден көруге болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір