• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

22 Қазан, 02:21:40
Алматы
+5°

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Жапония астанасы Токио қаласында өтетін олимпиада ойындарының тікелей көрсетіліміне қатысты қандай мәселе туындағанын айтты.

– Дәл қазір Жапониямен келіссөз жүргізіліп жатыр. Тікелей көрсетілім жасау құқығын сатып алуға мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын. Біз азаматтарымыз өз спортшыларына қолдау көрсетуі үшін бар жағдайды жасауға тырысып жатырмыз. Мәселе тек бағада. Кешегі күнге дейін бізге жоғары баға айтып келді. Көрші мемлекеттер төлейтін бағаға қарағанда, Қазақстан 10 есе жоғары баға төлеп келді. Бұл біздің экономикалық дамуымызбен байланысты болды. Азаматтарымыз үкіметті спорттық мерекеден айырып жатыр деп кінәлауы мүмкін. Бірақ біз салық төлеушілердің қаржысын үнемдегіміз келеді. Менің ойымша бұл мәселе жақын арада шешіледі, – деді Дәурен Абаев.

"Qazaqstan", "Qazsport", "Хабар" телеарналары Токиода өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарын ел аумағында көрсету құқығын иеленген "Dentsu Inc." компаниясымен келісімге келе алмады. Ресми арналар келісімнің ұзаққа созылу себебін лицензия бағасы 2016 және 2018 жылдардағы Олимпиада ойындарымен салыстырғанда 123 пайызға қымбаттағанымын байланыстырады. Биылғы трансляция құны Қазақстан үшін 7,5 млн долларға бағаланған.

Қоғамда Қазақстан өзін дамыған ел, Орта Азияның көшбасшысы ретінде көрсетпесе, ойындар көрсетілімі үшін Қазақстанға қымбат баға ұсынылмаушы еді деген пікір бар.

Токио олимпиадасы 23 шілде 8 тамыз аралығында өтеді.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір